Британдық QS рейтингтік агенттігі университеттердің азиялық рейтингінің нәтижелерін жариялады, бұл рейтингте біздің университет 264-орынды, ал Орталық Азия елдерінің университеттері арасында 14-орынды иеленді (Орталық Азия елдерінен 65 университет қатысты).
Бұл рейтинг қазіргі уақытта университеттердің ең беделді рейтингтерінің бірі болып табылады және университетті бағалау жүйесінің өзі (көрсеткіштер) білім сапасын бағалаудың әлемдік деңгейде мойындалған құралы болып саналады.
Аймақтағы оқу орындарын академиялық және жұмыс берушілерді тануға, зерттеулерге, ресурстарға және интернационалдандыруға негізделген QS Asia рейтингі, 984 университетті (Үндістан, Қытай, Вьетнам, Таиланд, Тайвань, Малайзия, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея және т.б.) қамтитын ең үлкен рейтинг болып табылады.
Рейтингке 35 қазақстандық ЖОО қатысты, оның ішінде біздің университет 10-орынға ие болды.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті халықаралық рейтингтердегі позицияларының ілгерілету — бұл жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша ЖОО-ның жүйелі жұмысының нәтижесі.
Профессор-оқытушылар құрамын интернационалдандыру және ғылыми мақалалардың дәйексөз индексін арттыру жұмыстары университет дамуының басым бағыттары болып табылады.
Университет бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынасты нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Ғылыми зерттеулердің, инновациялардың, бірлескен мансаптық шаралардың және тәжірибелердің барлық түрлері осы мақсатқа қызмет етеді. Университет серіктестері Қарағанды облысының ғана емес, жалпы республиканың ірі кәсіпорындары болып табылады.