Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті


2024 жылдың 21 қазанында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ КеАҚ Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер шығарылды және қаралды: өткен оқу жылының қорытындыларын шығару және алдағы 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарды бекіту, сондай-ақ Корпоративтік Әдеп Кодексінің жобасын қарау. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы, КТжЛЖ кафедрасының профессоры Т.С. Интыков, Әдеп жөніндегі кеңестің алдағы есептік жылға арналған қызметін бекіткеннен кейін Корпоративтік Әдеп Кодексінің жобасын қарауға және талқылауға ерекше назар аударды. Кеңес мүшелері университет мәдениетін дамытудың негізі болып табылатын және оның негізгі ережелерін, қызметкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарының принциптері мен нормаларын қамтитын Кодекстің ерекше рөлі мен маңызын бірауыздан атап өтті. Корпоративтік этика кодексі университет қызметкерлері үшін қабылданған корпоративішілік мінез-құлық, әлеуметтік жауапкершілік және іскерлік этиканың басқа да мәселелерінің қағидаттарының, нормалары мен ережелерінің жиынтығы болып табылады және қоғамдық санада педагогикалық қызметке құрметпен қарауды қалыптастыру үшін негіз болады. Отырыс қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің алдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ корпоративтік Әдеп Кодексінің жобасын Директорлар кеңесінің қарауына енгізу туралы шешім шығарылды.

Без рубрики