Құрметті студенттер!


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» КЕАҚ бюджеттен тыс қаражаты есебінен Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия жоғары оқу орындарында 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрі кезеңінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орын саны:

Конгджу ұлттық университеті (Конгджу қ., Оңтүстік Корея) 2
Пекин технологиялық университеті (Пекин қ., Қытай) 5
Джордж Агрикола технологиялық университеті (Бохум қ., Германия) 5-10

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • гранттық және шарттық негізде білім алатын 2, 3 курс бакалавриат студенттері;
  • B2 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу;
  • ағымдағы GPA оқу үлгерімі — 3.0 және одан жоғары;
  • мамандықтың максималды сәйкестігі.

 

  • Джордж Агрикола технологиялық университеті неміс тіліндегі сертификатқа қойылатын талаптарды белгілейді: ең төменгі деңгей B1, бірақ барлық бакалавриат бағдарламалары үшін В2 деңгейі ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. ҚР азаматы паспортының көшірмесі;
  2. Ағымдағы үлгерім туралы транскрипт (транскриптті «Univer» АЖ-да алуға болады);
  3. IELTS сертификаты болған жағдайда, сертификат болмаған жағдайда шет тілін білуге тестілеу өткізіледі;
  4. студенттің көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  5. студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса);
  6. мотивациялық хат;
  7. ұсыныс хат (басшының қолымен. факультет деканы);
  8. бар болса: мамандануы бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері.

Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін! 

Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балдары тең болған кезде артықшылығы болады:

  1. GPA баллы жоғары үміткерлер;
  2. Шет тілі бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер;
  3. жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  4. бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар студенттер;
  5. көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.

 Жоғары оқу орындарының тізімімен және мамандықтармен төменде танысуға болады:

  1. Конгджу ұлттық университеті (Конгджу қ., Оңтүстік Корея) https://english.kongju.ac.kr/eng/index.do#none
  2. Пекин технологиялық университеті (Пекин қ., Қытай) https://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm#
  1. Джордж Агрикола технологиялық университеті (Бохум қ., Германия https://www.thga.de/en/studying-at-thga/our-study-programmes/bachelor-programmes

 

 

Құжаттарды тапсыру, сондай-ақ толығырақ ақпарат алу үшін Халықаралық Ынтымақтастық Департаментіне (Бас ғимарат, 241 кабинет) келуді сұраймыз.

Конгжу ұлттық университетіне құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 2024 жылдың 25 қазаны!

Пекин технологиялық университеті және Джордж Агрикола технологиялық университетіне өтініш берудің соңғы мерзімі 2024 жылдың 15 қарашасы!

Без рубрики