Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өзінің кәсіби мерекесін атап өтті


1 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да отандық күнтізбеде пайда болған жаңа мереке – Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Енді біздің де кәсіби мерекеміз бар екенін атап өткен жөн. Бұл республиканың кәсіпорындары мен ұйымдары үшін ғылымға және кадрлар даярлауға елеулі үлес қоса отырып, жоғары білім беру саласында еңбек ететіндердің барлығына лайықты құрмет.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаева профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен студенттерді мерекемен құттықтады. Бұл ғылымның дамуындағы, жоғары білікті кадрларды даярлаудағы рөлін асыра бағалау қиын барлық жоғары білім беру қызметкерлері үшін ерекше күн екенін атап өтті. Өйткені, тек солар жаңа Қазақстанды құрып, нығайтушылар болмақ. Жаңа кәсіби мерекенің пайда болуы жоғары білім беру қызметкерлерінің еңбегін айқын мойындау болып табылады. Және біздің алдымызда тұрған міндеттердің биіктігінде болуды міндеттейді.

Біздің университетке келетін болсақ, бүгінде ол елдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде даңққа ие болды. Бұл біздің мыңдаған ұжымымыздың еңбегі. Ол жоғары оқу орындарының бәсекелестігінің артуына қарамастан ең жақсы болып қала береді және солай болуы керек. Біз бұған ұмтылатын боламыз және бұл үшін ең бастысы – бізде соған деген ұмтылыс пен оқытушылардың жоғары білікті құрамы бар. Біздің ұжымның еңбегін жоғары бағалаудың айқын айғағы – мереке құрметіне қызметкерлерімізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің наградаларына ұсыну болып табылады.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, профессор В.Ф. Деминге; «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының докторы К.М. Бейсембаевқа;

Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілді дамыту саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін «Ана тілін дамыту қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – «Қазақ тілі мен мәдениеті» кафедрасы доцентінің м. а., филология ғылымдарының кандидаты Н.Т. Нығметова.;

«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі – «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы доцентінің м. а., философия PhD докторы Н.Ж. Сәрсенбековке тапсырылды;

Сондай-ақ, біздің қызметкерлердің бір тобына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құрмет грамотасы табыс етілді.

Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ың ректоры С.С. Сагинтаева ең танымал қызметкерлерді құрмет грамоталарымен атап өтті.

Айтпақшы, марапатталғандардың осы тобының ішінде профессор-оқытушылар құрамының өкілдері ғана емес, сонымен қатар Сауле Саветовна атап өткендей, бірде-бір ЖОО оларсыз жұмыс атқара алмайтын басқа да қызметтердің еңбектері де бар.

Тосын сый ретінде мерекені ұйымдастырушылар ЖОО түлектерін құттықтау бейнебаянын дайындады. Университетте өткен мектеп үшін шын жүректен алғыс білдірген, қазірдің өзінде қалыптасқан мамандардың жылы, жүректен шыққан сөздері айтылды. Оларды білім нәрімен сусындатқандар үшін бұдан артық сыйлық болуы мүмкін бе?

Ал, музыкасыз мереке мереке ме? Біздің университет әрқашан таланттарымен танымал болды. Олар бұл жолы да көрермендерді ән мен бимен қуантты, олар сонымен бүгінгі күнді аяқтап, жадымызда жарқын із қалдырды.

Без рубрики