Жошы ұлысының іргесі қаланғанына — 800 жыл


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі м.а., ф.ғ.к., доцент Қ.М.Хамзина және кафедра оқытушылары Н.М. Әубәкіров пен Ғ.М. Әбілқасовтың ұйымдастыруымен «Жошы ұлысының іргесі қаланғанына — 800 жыл» толуына орай, даңқты қолбасшы, ержүрек батыр Жошы Шыңғысұлының өмірдерегі жөнінде мәдени іс-шара болып өтті.  Мәдени іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа Ұлы дала елінің тарихын және ел намысын қорғауға атсалысқан даңқты батырлардың, хандардың өмірі мен ерлігін насихаттау.

Бұл іс-шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Арх-24-1с, Арх-24-6, АиУ-24-3 топтарының студенттері, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшелері мен «Қазақ тілі және мәдениеті», «Жоғары математика» кафедрасының оқытушылары қатысты.

Мәдени іс-шара барысында  Арх-24-1с, Арх-24-6, Сиб-22-1, Арх-23-6 топтарының студенттері Сағитқызы Әмина, Нұргелді Назерке, Ахметова Толғанай, Мамедова Эмина, Махмет Дінназ, Аубакирова Ақерке «Даңқты қолбасшы Жошы», «Барлық қазақ хандарының атасы – Жошы хан», «Көне тарихи жазбалар» және т.б. тарихи тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.  АиУ-24-3 тобының өнерлі студенті Ибраев Нұрқанат Құрманғазының күйі «Адай» мен қазақтың тарихи халық күйі «Ақсақ құланды» нақышына келтіріп орындады.

Без рубрики