Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да ЖОО басшылығының «Жас Орда» жастар ұйымының белсенділерімен кездесуі өтті


6 қыркүйекте «Жастар Әлемі» жастар сарайында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Жас Орда» жастар ұйымы белсенділерінің Басқарма Төрағасы – Ректор С.С. Сагинтаевамен, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Қ. Калыковпен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.Д. Мехтиевпен және Коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Р.Р. Бузяковпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында жастар ұйымы белсенділерінің басталған оқу жылына арналған негізгі міндеттері мен жоспарлары белгіленді. Сонымен қатар, Сауле Саветқызы студенттермен жүргізіліп жатқан барлық жұмыстарда студенттік белсенділержің жетекші рөлін атап өтіп, оның мағыналық жүктемесін ауыстыруға және жастар бастамасын дамыту мен студенттерді ғылыми қызметке белсенді қатысуға тартуға баса назар аударуылуына тілек білдірді.

— Студенттердің мәдени және спорттық демалысымен, — деді ол, — бәрі жақсы. Бірақ біз елдің болашақ техникалық элитасын дайындаймыз және тәрбиелейміз. Біздің түлектер экономиканың барлық салаларының мамандарына жоғары талаптар қоятын уақыттың сын-тегеуріндеріне дайын болуы тиіс.

Бұл үшін мемлекет тарапынан да, бейінді министрлік тарапынан да, университеттің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы тарапынан да көп нәрсе жасалуда.

Білім беру гранттарының саны мен студенттік стипендиялардың мөлшері ұлғаюда, халықаралық ынтымақтастық дамуда, ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысы нығая түсуде, оған ҚР Президенті өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында ерекше назар аударды.

Соңғы кезде студенттердің білім деңгейін және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында әртүрлі тегін курстарды ұйымдастыруға қаражат аямай жұмсалғаны қуантады.

Бірақ, өз кезегінде, әр студент үнемі ізденуге және білімді жетілдіруге ұмтылуы қажет, еңбекті құрметтеу және таңдаған қызмет саласында ең жақсы болуды мақсат ету керек.

Қазіргі әлемде шешуші рөлді енді табиғи ресурстар емес, оларды өңдеу мен пайдаланудағы озық технологиялар мен инновациялар атқарады. Уақыт талаптарының шыңында болу үшін тек білім беру бағдарламаларының шеңберімен шектелуге болмайды. Студенттердің өзіндік жұмысына үлкен рөл бөлінетін оқу уақытын барынша пайдалану қажет. Дәл осы өздік жұмыс барысында оқу материалы жақсы игеріледі, білім берудегі олқылықтар айқынырақ анықталады, қолда бар білім багажын толықтыруға ынталандыру пайда болады.

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.Д. Мехтиев «Жас Орда» жастар ұйымының белсенділерімен қызықты идеялар мен ұсыныстармен бөлісті. Нақты мысалдарға және өзінің оқытушылық тәжірибесіне сүйене отырып, ол студенттердің қандай жобаларды сәтті жүзеге асыра алғанын және қайсысын бүгіннен бастап бастауға болатынын айтты.

Тәрбие жөніндегі проректор А.Қ. Қалықов «Жас Орда» жастар ұйымының белсенділерін мұзды омырып өтетін мұзжарғышқа теңеді:

— Сіздер біздің кадрлық резервімізсіздер, біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Басқалар Сіздерге еліктейді, үлгі алады, сондықтан сіздер біздің туған университетіміздің барлық үлкен және кіші істерінде бастамашы болуларыңыз керек.

Кездесудің қорытынды бөлімі студенттердің сұрақтарына жауап беруге арналды. Олардың кейбіреулерін, жеке көлікке арналған қосымша тұрақ орындарына немесе ыңғайсыз «терезелерге» байланысты сабақ кестесін өзгертуге қатысты шешімнен бірден бас тартылды. Университетке іргелес аумақтың шектеулі болуына байланысты автотұрақтарға қосымша орын бөлу мүмкін емес, және «терезелермен» де келісуге тура келеді, өйткені сабақ кестесінің ең жақсы нұсқасы компьютердің көмегімен автоматты түрде таңдалады. Басқа ескертулер мен ұсыныстар «қарындашқа» алынады және олар бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Жалпы, «Жас Орда» белсенділеріне алдарына қойылған міндеттердің мәнін жақсы түсінуге, қызықты жобаларды жүзеге асыруда ЖОО басшылығының қолдауына ие болуға мүмкіндік беретін пайдалы және сындарлы әңгіме болды.

Без рубрики