11 қыркүйекте Басқарма Төрағасы-Ректор Сауле Сагинтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы Қазақстанның ең ірі металлургиялық кәсіпорны — Теміртаудағы «Qarmet» АҚ-ға барды. Делегация құрамында атқарушы директор, т.ғ.д., профессор Исағұлов А.З., ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Мехтиев А. Д. және «Нанотехнология және металлургия» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Аубакиров Д. Р. болды. Сапардың негізгі мақсаты еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындарының қатарына кіретін университет пен «Qarmet» АҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
«Qarmet» АҚ Бас директоры В.Б. Басин және компания ұжымы кездесу үшін Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өкілдеріне алғыстарын білдірді. Оны өткізу барысында университет пен компания арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, ҚР Президентінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларын іске асыруға, атап айтқанда, білікті кадрларды даярлауға, сондай-ақ жұмысшылар мен инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға байланысты мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, тараптар компанияның сұраныстары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және өндіріске қызықты жобаларды енгізу қажеттігін мойындады.
Ректор Сауле Советовна университет пен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын айта отырып, университет бұдан былай өндіріс қажеттіліктеріне жауап беретін кадрларды даярлауды жақсарту үшін жұмыс істейтінін атап өтті.
Компанияның бас директоры В.Б. Басин Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың білікті мамандар даярлауға және ғылыми зерттеулер жүргізуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен нығайту кәсіпорынға өзінің өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа жобаларды тиімдірек іске асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.