2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыру


«Ғылым қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ сайтында орналастырылған.

Конкурсная документация 2025-2027 каз
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 9 қыркүйегінде басталады.

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі – 2024 жылғы 9 қазан.

Конкурстық өтінімдер мына сілтеме бойынша www.is.ncste.kz Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) арқылы жоба тобы мүшелерінің, жоба жетекшісінің және Өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде қабылданады.

Сараптама орталығының www.is.ncste.kz  ААЖ-мен жұмыс бойынша, өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін ++7 727 222 1102 (ішкі 205, 208, 209, 212, 220, 222, 224, 227) телефондары бойынша хабарласуға болады. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09: 00-ден 18: 30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап алуға болады:

Телефондар: +7 7172 79 98 67 (ішкі номер: 1051, 1054), +7 7172 79-98-70, 79-98-71 (ішкі номер: 1012, 1014, 1021, 1033). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 09: 00-ден 18: 30-ге дейін.

Онлайн конференциялар мына сілтеме бойынша:

https://us06web.zoom.us/j/83052478908?pwd=y6DDxflONTQybfHv98mD7n0aKnvakZ , Zoom конференция идентификаторы: 830 5247 8908, кіру коды: 011676.

Ақпарат көзі https://science-fund.kz

Без рубрики