Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушылары ҚР Конституция күніне орай Ғылым және жоғары білім министрі марапаттарына ие болды.


Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілді дамыту саласының қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Серпін-2050» оқу орталығының басшысы Жетпісбай Шолпан Аханқызы «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және куәлігімен марапатталды.

Тіл саясатын дамытуға, қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін «Тіл жанашыры» Құрмет дипломымен кафедраның аға оқытушысы Хасен Мұрат Әбдірахманұлы марапатталды.

Қызметтің табысты нәтижелері, шығармашылық белсенділігі, іс-шараларды өткізудегі жетістіктері үшін  Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хатымен Оспанғалиева Мендикуль Тулеутаевна марапатталды.

Әріптестерімізді құттықтай келе, еңбектеріне табыс тілейміз!

Без рубрики