ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ

2023 жылғы «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығының жұмысы бойынша есеп

  1. ОҚУ ҚЫЗМЕТІ:
  • Ғылыми-зерттеу орталығының 3 қызметкері шетелдік біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  • 3 шетелдік жас ғалымның ғылыми тағылымдамадан өтуіне ниет шарттары жасалды.
  1. ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ:
  • авторлық құқық туралы куәлік ала отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға арналған эксперимент бағдарламасы әзірленді;
  • авторлық құқық туралы куәлік ала отырып ANSYS қолданбалы бағдарламасының бағдарламалық ортасында эксперимент әдістемесі әзірленді;
  • авторлық құқық туралы куәліктерді ала отырып, 7 түрлі есептеу әдістемесі жасалды.
  1. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ:
  • AP14869550 «Теміржол платформаларымен тасымалданатын контейнерлерге астық жүктерін тиеуге арналған стационарлы көтергіштің конструкциясын әзірлеу және зерттеу» ғылыми жобасын іске асыру бойынша жұмыстар орындалды (ҚР ҒЖБМ Республикалық гранты; грант сомасы 30 млн. теңге; іске асыру мерзімі 2022-2024 жж.);
  • 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурсқа өтінім берілді – AP23488738 «Ұзын өлшемді рельсті байланыстарды (800 м бастап) тасымалдау кезінде тіркемедегі (рельс тасығыштардағы) вагон-платформалардың алмалы-салмалы жабдықтарындағы шекті жүктемелерді есептеу әдісін әзірлеу» ғылыми жобасы (ҚР ҒЖБМ республикалық гранты; грант сомасы 60 млн. теңге; іске асыру мерзімі 2024-2026 жж.);
  • 2 монография жарияланды;
  • ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК ұсынған басылымдарда 4 мақала жарияланды;
  • Scopus дерекқорына кіретін журналда 1 мақала жарияланды (процентиль кемінде 50);
  • Scopus дерекқорына кіретін журналдарда 2 мақала жариялауға қабылданды (процентиль кемінде 50).
  1. ПАТЕНТТІК ҚЫЗМЕТ:
  • ҚР патенттерін алуға 2 өтінім рәсімделді және берілді;
  • авторлық құқықтың 9 куәлігі рәсімделді және тіркелді.
  1. САРАПТАМАЛЫҚ-ИНЖИНИРИНГТІК ҚЫЗМЕТ:
  • 4 шаруашылық келісім-шарт жұмыстары орындалды;
  • ANSYS лицензиялық бағдарламасында 2 имитациялық модельге сараптама жүргізілді.
  1. ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ:

Шаруашылық шарттардан қаржыландыру және республикалық грант есебінен ҒТО үшін сатып алынды:

  • 5 ноутбук және 1 моноблок;
  • LG 43UQ76003LD 43 теледидары;
  • ANSYS лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы;
  • кеңсе жиһазы, стендтер және т.б.