ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ


Қайырымдылық жасау — адамгершілік қарым-қатынастарды, мейрімділікті білдіреді.  Бұл адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қатынасын көрсететін, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

«Кең болсаң, кем болмайсың»,- деген сөзде үлкен мағына жатыр. Жомарттық, қайырымдылық, кеңпейілділік қасиеттерді меңзеп отыр. Адамның жасаған қайырымдылық істері ешқашан бос кетпейді. Сондықтан қайырымдылық жасау – қайтарымы мол ізгі амал.

Қайырымдылық жасағанда «Оң қолыңмен бергенде, сол қолың көрмесін!»,- деген қазақ халқы. Яғни, бір адамның немесе ұжымның іс-әрекеті екінші бір адамға ой салуы мүмкін.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ұжымы 2024 жылы AQNIET жастар қайырымдылық ұйымының «Мектепке жол» акциясына қатысты.

Игі ниетте өткізілген шараға барлық жүрегі жұмсақ, қолы ашық жомарт жандардың бар екеніне тағы да көз жеткіздік. Халқымызда «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені құр алақан одан да аз»,- деген даналық сөзі бар, ендеше аз да болса жақсылық жасауға асығайық, ағайын!

Без рубрики