Тау-кен машиналары кафедрасы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ең көне кафедраларының бірі. Кафедрада оқу процесінің ғылыми зерттеулермен үздіксіз байланыс идеясы іске асырылған, жыл сайын алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдарының қатысуымен республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар өткізіледі. Кафедрада техника ғылымдарының 14 докторы және 50-ден астам техника ғылымдарының кандидаттары дайындалған, 500-ден астам патент және авторлық куәлік алынған.
Кафедра түлектері тау-кен жабдықтауын жобалау және эксплуатациялау бойынша білім алады, детальдарды жобалауда қолданылатын есептеулерді жүргізіп үйренеді, техникалық құжаттар мен жобалық-конструкторлық жұмыстардың стандартарымен танысады.