«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (Жалғыз акционер) қабылдаған шешімі туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% пакеті бар:
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 22.04.2024 жылғы №182 бұйрығымен
- «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 7 (жеті) мүшеден тұратын сандық құрамы анықталды.
- Сагинтаева Сауле Саветовна – Басқарма Төрағасы — Қоғам ректоры «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды;
- Сагинтаева Сауле Саветовнаның өкілеттік мерзімі Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімімен аяқталады.