«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.


Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады. Құжаттар белгіленген мерзімде мына мекен-жай бойынша қабылданады: 100000, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 235 каб., телефоны: 8 (7212) 56-75-96, +77022018654.

Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету.

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жетекшілік ететін мәселелер бойынша басшылық салаларда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы; ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін уәкілетті орган ұсынатын Басылымдар тізбесіне енгізілген халықаралық рецензияланатын журналдарда және отандық журналдарда монографиялардың және (немесе) ғылыми жарияланымдардың болуы; қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдығышта ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген нысандағы 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурс қатысушысының қызметтік тізімі;

4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері;

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
  • Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе электрондық үзінді көшірме;

6) құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психонервологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Азаматтарға арналған электрондық үкімет порталынан (ХҚКО, Egov.kz порталы және т.б.) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

10) Азаматтарға арналған электрондық үкімет порталынан (ХҚКО, Egov.kz порталы және т.б.) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) Қоғамның Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Без рубрики