Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен ғылым және жоғары білім вице-министрі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде болды


1-шілде күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Aманат» партиясының мүшесі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, ҚР ғылым және жоғарғы білім вице-министрі Щеглова Динара Ринатқызы және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бексұлтанов Құдайберген арнайы жұмыс сапарымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне келді.

Белгілі депутаттар мен шенеуніктерді ректор Сагинтаева Сауле Саветовна және ҚарТУ-дың жауапты өкілдері қарсы алды. Кездесу барысында университеттің «Термодинамикалық процестер», «Металлургиядағы нанотехнологиялар», «Өндірістік процестерді автоматтандыру» зертханаларының жұмыс барысымен, сондай-ақ «Энергетикадағы сандық технологиялар» ғылыми-білім беру кешендеріне экскурсия жасап, университеттің даму жоспарларымен,жобаларымен танысып, оқу орнының ұжымымен кездесті.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын, оқытушылардың педагогикалық жүктемесін, ПОҚ еңбекақы төлеу жүйесін талқылауға басты назар аударылды.

Депутаттар ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Ғылым және жоғары білім саласының қызметін жақсарту, атап айтқанда, жас ғалымдарды қолдау шаралары, мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер, Жергілікті атқарушы органдардың ғылымды қаржыландыруға қатысуы туралы атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министр Динара Щеглова қатысты. Вице-министр өз сөзінде студенттер мен оқытушылардың Coursera сертификатталған курстарынан өтуі бойынша министрліктің қолдауы, сондай — ақ GOOGLE Generative АІ курстары, техникалық жабдықтар бойынша елшілерді оқыту бойынша NVIDIA курстары, блокчейн бойынша Tether туралы айтты.

Ректор Сагинтаева С.С. құрметті қонақтарға университеттің 2024 жылғы білім беру жоспарлары туралы және атқарылған шаралар туралы баяндамасын оқып, білім беру саласындағы маңызды мәселелерді көтерді.

Тараптар білім беру сапасын арттырып, ғылыми зерттеулерді дамытып  және университеттің өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысқан профессорлық-оқытушылар құрамы да депутаттарға  білім саласында  толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Без рубрики