25-маусым күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Сагинтаева Сауле Саветовна бастаған делегация Қарағанды қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ-та болды. «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Желі дивизионы» бірлестігі Орталық өңірдің өңірлік қатынау желісі басқармасының Қарағанды қатынау желісін пайдалану департаментінің директоры Беков Амангали Камалович қарсы алды. «Қазақтелеком» АҚ-ның 30 жылдығына орай, Сәуле Саветовнаға басқарма атынан арнайы сыйлықтарын ұсынды. Кездесу барысында басқарма мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқылады.
Ректор Сагинтаева С.С басқарма басшысына ұсынған мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, университет пен «Қазақтелеком» арасындағы серіктестік мәселелерін талқылады. Мұндай кездесулер бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашады.
Сондай-ақ, «Энергетика, автоматика және теле байланыс» факультетінің деканы Булатбаев Феликс Назымович пен «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Калиаскаров Нурбол Балтабаевич «Қазақтелеком» басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын талқылап, біріккен іс-шараларды жүзеге асыру туралы келісімге келді. Олардың мақсаты- студенттерге, тәжірибе алушыларға мүмкіндіктер жасау және инновациялық жобаларды дамыту.
«Қазақтелеком» АҚ ұжымы ҚарТУ студенттерін, болашақ кадрларды өз компанияларына жұмысқа тартуға мүмкіндік беретіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, университет өз тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер туралы да атап өтті. Бұл -білім беру мен телекоммуникация саласындағы серіктестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға бағытталған бастама. Кездесу соңында «Қазақтелеком» АҚ мен ҚарТУ өкілдері естелік суретке түсті.