Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма төрағасы – Ректор Сагинтаева С.С. университеттің «ҚарТУ» футзал командасымен кездесіп, толық құраммен танысты


Басқарма мүшесі –тәрбие ісі жөніндегі проректор Қалықов А.Қ. университет басшысына футзал командасының жетістіктерін баяндап, жаттықтырушыларын таныстырды.

«ҚарТУ» футзал құрамасы 2023 жылы Астана қаласында өткен «University League» жоғары оқу орындары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Ал, 2024 жылы Қарағанды облысы чемпионатының, Жоғарғы лиганың күміс жүлдегерлері атанды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласында өткен республикалық «Fatih cup» турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды.

Ректор Сагинтаева С.С университет намысын қорғап жүрген командаға алғыс айтып, қолдау білдіретіндігін жеткізді. Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, жаттықтырушы Окасов Е.А. және Бижамбеков Д.Б футзал командасының алдағы жоспарларымен бөлісіп, команданың қажеттіліктері мен мәселелері туралы айтты. Өз кезегінде команданың жаттықтырушылары басшылық тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, алдағы ойындарда жақсы көрсеткіш көрсетуге уәде берді.

Кездесуде дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Головин И.Л. пен спорт клубының жетекшісі Кунах С.Н. университет спортын қолдау және дамыту жұмыстарын талқылады. Құрамды табысты болуға және футболды жастар арасында кең таралуына ықпал етуге шақырды.

Шара соңында Ректор Сагинтаева С.С. «ҚарТУ» футзал құрамасымен естелік суретке түсті. Басшылық тарапынан көрсетілетін қолдау құрамның жігерін арттырып, жетістікке жетуіне ықпал етері сөзсіз!

Без рубрики