Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Акильжанова Л.Т келді.


Биылғы оқу жылының аяқталуымен құттықтап, Қарағанды қаласының өркендеуіне үлес қосып, белсене араласқан студенттерге, жастар саясаты департаментінің директоры Бузяков Р.Р.-ге өз атынан алғысын білдірді. «Жаңа Қазақстанның» өркендеуіне техникалық оқу орынының алар орны ерекше екендігін, және осы тұста әкімдік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясында университет жанынан құрылған Конфуций институтында қызмет атқаратын Юаньци Чж. және Ресей Федерациясынан келген студент, биылғы жылдың түлегі Гревцев А.А-ны қала әкімдігі атынан құттықтап, арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Марапат иелері қала әкімдігіне өз ризашылықтарын білдіріп, Юаньци Чж. қала әкімдігінен алған марапат оны жігерлендіріп, нәтижелі жұмыс жасауға шабыттандырғанын жеткізді. Тау-кен ісі мамандығы бойынша 4-курс студенті Гравцев А.А университет білімі әлемдік университтердің деңгейімен пара-пар екенін айтып, білім жолындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Стратегиялық даму жөніндегі директоры Жетесова Г.С қала әкімдігіне алғысын білдіріп, университет атынан Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Университетте шет елден келіп білім алатын студенттер және бірлесіп жұмыс жасап жатқан шетелдік жоғары оқу орындары, Конфуций институтының жұмыстарымен таныстырды. Сөзін қорытындылай келе, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті әкімдікпен әрмен қарай етене жұмыс атқаратынын жеткізді. Салтанатты шара соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсті.

Без рубрики