Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының бастамасымен Астанада өткен «Энергетика» бағыты бойынша форсайт-сессияға қатысты


2024 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен Астанада Назарбаев Университетінде энергетика саласында форсайт сессиясы өтті.

Оған Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мүшелері, департаменттер мен энергетика саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Отырысқа «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-нан энергетика және автоматика және телекоммуникациялар факультетінің деканы Ф.Н.Булатбаев қатысты.

Сессияда «Қазақстан Республикасындағы форсайттық зерттеулерді жүргізу туралы», «Қазақстанның электр және жылу энергетикасына жаһандық тенденциялардың әсері», «Жылуды трансформациялау технологияларын пайдаланудың жағдайы мен келешегі», Қазақстан Республикасы және дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану», «2030 жылға қарай төмен көміртекті дамыту және 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап экономика үшін Қазақстандағы энергияға көшу мәселелері», «Азия мен Тынық мұхитындағы қалалардың климаттық әрекетінің үздік тәжірибелері» және «Энергия қауымдастығы және энергияны бөлісудің озық тәжірибелері: Қазақстан үшін мүмкіндіктер» атты баяндамалары тыңдалды.

Ғылымның перспективалық бағыттарын талқылау нәтижелері бойынша гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басымдықтарын қалыптастыру кезінде пайдаланылатын экономиканың нақты секторының проблемаларын шешуге бағдарланған ұсынымдар қабылданды.

Без рубрики