Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Даниэль Дель әлем Кубогының кезекті кезеңінде екінші орын алды


31 мамырдан 2 маусымға дейін Жешув (Польша) қаласында акробатикадан әлем Кубогының кезекті кезеңі өтті. Оның қатысушылары арасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті (ГД-22У тобы) Даниэль Диль де болды.

Ол өзінің туған университетінде ғана емес, республикада да әртүрлі беделді жарыстардағы жеңістерімен танымал.

Бұл жолы Даниэль екінші орын алды. Әлем Кубогында жалпы есепте екінші орын — бұл өте жақсы нәтиже.

Қазіргі уақытта Даниэль қыркүйек айында Португалияда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.

Даниэльді халықаралық аренада сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

Оған спорттық мансапта және оқуда одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики