Сапар барысында кәсіпорын басшылығымен кездесу ұйымдастырылды, онда зауыттың қызметі және қандай өнімдер шығарылатыны туралы айтылды.
Сондай-ақ, тараптар ғылым мен оқу процесінің өзара іс-қимылы және зауыт қызметкерлерінің біздің ЖОО-ның докторантурасы мен магистратурасына оқуға түсу мәселелерін талқылады.
Университет ректоры Сауле Сагинтаева кәсіпорында инженер-гидротехник болып жұмыс істейтін университетіміздің түлегі Дамир Әшімбаев жетістіктерін атап өтіп, докторантурада оқуын жалғастыруға кеңес берді.
Кездесу соңында «HANSA-FLEX» ЖШС басшылығы университет өкілдеріне экскурсия өткізді.