Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өкілдерінің инновациялық-білім беру консорциумы – Корпоративтік университеттің құрамына кіретін Жантөре Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының басшыларымен көшпелі кездесуі өтті


Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ректоры Сауле Сагинтаева бастаған делегация Жантөре Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының қызмет ерекшеліктерімен танысты. Тараптар ғылыми жобалар мен коммерцияландыру жобаларына бірлесіп қатысуға, зерттеу жабдықтарын тиімді пайдалануға, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысына кәсіпорын мамандарын тартуға және т.б. қатысты өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кеңес барысында оқу және ғылыми қызметтегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша уағдаластықтар мен келісімдерге қол жеткізілді, одан әрі ынтымақтастық үшін мақсаттар белгіленді, сондай-ақ ферроқорытпа өндірісі бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Без рубрики