Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері «Қайнама Көмір» ЖШС-і кәсіпорнында дипломдық жобаларын сәтті қорғап шықты


Жақында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да 4-курс студенттері «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша «Қайнама Көмір» ЖШС кәсіпорнында дипломдық жұмыстарын көшпелі қорғаудан өтті.

Студенттер қорғау барысында өздерінің білімдері мен дағдыларын нақты өндіріс жағдайында көрсетіп қана қоймай, әрі қарай кәсіби қызметінде көмектесетін бірегей тәжірибе де алып шықты.

«Қайнама Көмір» ЖШС сияқты кәсіпорындармен бірлескен өзара іс-қимыл жоғары білікті мамандар даярлауда шешуші рөл атқарады. Бұл студенттерге саланың ерекшеліктерін жақсы түсінуге, жұмыстың барлық процестері мен ішкі қалтарыстарын көруге, сондай-ақ болашақта пайдалы болуы мүмкін кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын үшін бұл жас мамандардың әлеуетін бағалау және олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға үлес қосу мүмкіндігі болып табылады.

Бұл ЖОО мен өндірістік кәсіпорындар арасында өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық орнағандығының көрінісі екендігі сөзсіз.

Без рубрики