Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті өзінің салмақ дәрежесінде кикбоксингтен Республикалық студенттік спорт лигасының чемпионы атанды


Астанада кикбоксингтен студенттік спорт лигасының финалдық кезеңі өтті. Бұл турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 130 үздік спортшы жиналды.

63,5 келі салмақ дәрежесінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің спорттық намысын Әлихан Даниярқожа қорғады (ХТОВ-21-2 тобы).

Әлихан турнир барысында Қостанай, Астана және Орал қалаларынан келген екі спортшымен төрт жекпе-жек өткізді. Және барлық жекпе-жектерде жеңіске жетті.

Нәтижесінде Әлихан өзінің салмақ дәрежесінде студенттік спорт лигасының чемпионы атағын жеңіп алды.

Студентімізді тамаша жетістігімен құттықтаймыз және оған одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики