«Қазақ тілді контент мәселесі: шешу жолдары»


Осы атаумен мамырдың үшінші онкүндігінің басында ғылымда мемлекеттік тілдің әлеуетін насихаттауға бағытталған облыстық семинар өткізілді. Оны Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы ұйымдастырды.

Ғылым мен білім беру саласында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, жоғары оқу орындары ғалымдарының қазақ тіліндегі ғылыми контентті дамытуға қосқан үлесі туралы ақпаратты ашу мақсатында іс-шараға жоғары оқу орындарының ғалымдары мен лингвистері шақырылды.

Семинарда жасалған баяндамаларда қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту және оның семантикалық сапасын жақсарту жолдары, ғылымның белгілі бір саласындағы ғылыми тіл мен қазақ тілін ұштастыру, кәсіби терминологияны дамыту, ғылыми контентті жетілдіру жолдары мәселелері қозғалды. Семинарға қатысқан ЖОО ғалымдары мен тілтанушылар, мектеп және колледж мұғалімдері ғылыми контентті жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтты.

Іс-шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Көлік-жол факультетінің деканы Б.Ш. Асқаров «Жол-көлік саласындағы кәсіби терминология: ғылыми тілді қолдану» атты баяндама жасады. «Қазақ тілді контент мәселесі: шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық семинардың модераторы «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы меңгерушісінің м.а. К.М. Хамзина сөз сөйледі.

Жол-көлік факультетінің деканы Б.Ш.Асқаров арнайы алғыс хатпен марапатталды. «Қазақ тілі мен мәдениеті» кафедрасы меңгерушісінің м.а. К.М. Хамзина, аға оқытушылар М.А.Хасен, Г.М.Әбілқасов, оқытушы А.Ж.Әбдікәдірова сертификаттар алды.

Без рубрики