Республиканың жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын, біздің университеттің артықшылығы – бұл жерде студенттерді мықты теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар таңдалған мамандықтар бойынша практикалық дағдылармен де қаруландырады.
Бұл ретте университет жанынан құрылған Корпоративтік университет үлкен рөл атқарады. Оның арқасында ең жоғары талаптарға жауап беретін мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының жаңа деңгейіне көшу жүзеге асырылды. Дәл осы Корпоративтік университеттің құрамына кіретін кәсіпорындарда көптеген студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, болашақ жұмысы туралы түсінік алды.
Жақында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының студенттері (ТЭ-23-1 тобы) оқу практикасының жетекшілері К.Ш.Кәкімова және Б.К.Мағауинмен бірге «Эргономика» ҒӨФ ЖШС-не барды.
Кәсіпорынға экскурсия барысында студенттер көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді. Әртүрлі жылу-энергетикалық құрылғылармен, олардың техникалық сипаттамаларымен, оларды күнделікті өмірде және өндірісте қолданылуымен танысты. Экскурсия барысында өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Пікірлерге қарағанда, кәсіпорынмен танысу балаларға үлкен әсер қалдырды. Бұл олардың мамандық таңдауда қателеспегендігінің тағы бір дәлелі болды.