25-мамыр, 2024 жылы Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың мерейтойына арналған әскери кафедра оқу жиынға қатысушысы студенттермен тағылымды шара өткізді. Ол армия генералының Қазақстанның Қарулы күштерін құруға қосқан үлесін насихаттап, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.
Әскери кафедра бастығының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары Алмас Нугманов батырдың өмір жолы мен елеулі еңбегі туралы сөз қозғады. Сағадат Нұрмағамбетов тек ержүрек жауынгер ғана емес, шығармашыл адам болғанын айтып өтті. Оның қаламынан туған «Лицом к огню», «Мой передний край», «От огненных лет до суверенной армии», «А в памяти нет тишины» сынды кітаптарымен таныстырды.
Шара соңында Сағадат Нұрмағамбетов жайында түсірілген «Борыш, Намыс, Ерлік» атты деректі фильмін студенттердің назарына ұсынылды.