Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары халықаралық тағылымдамадан өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кәсіпорынның экономикасы және менеджменті» кафедрасының оқытушылары М.Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінде халықаралық онлайн тағылымдамадан өтті.

Кәсіби курс «Әлеуметтік тұрақсыздық жағдайындағы қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша өтті. Дәрістерді инженерлік экономика және менеджмент факультетінің студенттері мен магистранттары да тыңдады.

Кафедра оқытушылары М.Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін осындай тағылымдамада өткізді. Біліктілік нәтижелері бойынша барлық тыңдаушылар сертификат алды.

Без рубрики