«Қытай тілі көпірі – 2024» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды


Алматы қаласында «Қытай тілі көпірі» байқауының республикалық кезеңі аяқталды, оған Алматы, Астана, Ақтөбе және Қарағанды Конфуций институттарының аймақтық байқауларының финалистері қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды: Қытайдың географиясын, тарихы мен мәдениетін білуге арналған тестілеу, өзін таныстыру және сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар шығармашылық нөмір.

Байқауды ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті жанындағы Конфуций институты ұйымдастырды

Әбілқас Сағынов атындағы Конфуций институтының оқушылары байқаудың жүлдегерлері атанды.

«Орта мектеп» номинациясы бойынша диплом мен 3 орын жүлдесін Ева Кузнецова жеңіп алды. Студенттер арасында диплом және 3 орын жүлдесін Камила Серикова иеленді.

Байқау ұйымдастырушыларынан Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы Конфуций Институтының директоры Татьяна Филиппова ерекше жеке жұмысы үшін марапатқа ие болды. Конкурсты үздік ұйымдастырғаны үшін дипломмен Қарағандының Конфуций Институты марапатталды.

Байқауға белсенді қатысқаны үшін жүлделер мен грамоталарды қарағандылықтар — Яна Малышкина, Саида Мейрамова, Тимур Вычужин, Мансур Мансуров, Дария Слюченко алды.

Без рубрики