Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың делегациясы «Қарағанды Жарық» ЖШС компаниясына барды


ЖОО ректоры Сауле Сагинтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы «Қарағанды Жарық» ЖШС басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында энергетика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау және өндірістік міндеттерді шешу үшін университет ғалымдарының ғылыми әлеуетін қолдануға қатысты көптеген мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, «Қарағанды Жарық» компаниясына сапар барысында өндірістік міндеттерді шешу бойынша бірлескен жұмыс, оның ішінде гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу, кафедрада атаулы аудитория құру, кәсіпорын қызметкерлерімен «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриатқа, магистратураға және докторантураға түсу үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу туралы сөз болды.

Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастықтың басқа да мәселелері талқыланды.

Без рубрики