Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ әскери кафедрасының базасында оқу-жаттығу жиындары басталды


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ әскери кафедрасында оқу-жаттығу жиындарының басталуына арналған салтанатты митинг өтті.

Студенттерге әскери кафедраның бастығы полковник Мурат Дарманкулов құттықтау сөз сөйледі, ал Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жаркынбек Молдаханов жиындардан өту туралы бұйрықтардың талаптары, әскери қызметшілердің әскери киім кию ережесі, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және әскери қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.

Аталған жиындарда әскери кафедра студенттері атыс қаруы мен әскери техникадан ату жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ жауынгерлік машиналарды жүргізу жөніндегі нормативтерді іс жүзінде орындайды.

Оқу-жаттығу жиындары ағымдағы жылдың шілде айының басында аяқталады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқу жиындарынан өткендерге запастағы лейтенант әскери атағы берілетін болады.

Без рубрики