Ғылыми жетістіктер


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарМТУ-да жас ғалымдарға арналған грантқа ғылыми жобалар конкурсы өтті. Оның мақсаты жоғары оқу орнының жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетін дамыту болды.

12 жоба тыңдалды. Ұсынылған құжаттарды талдау негізінде конкурс қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар қатарында – техника ғылымдарының магистрі Фатима Тастенова, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ассистенті.

Магистратурада оқу кезінде Ф. Тастенова Suleyman Demirel University-де (Испарта қ., Түркия) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Алған теориялық білімін «Теректі кен байыту» ЖШС-де Теректі байыту фабрикасы бас корпусының операторы (Теректі кенті) лауазымында еңбек еткен кезінде практикалық тәжірибеде қолданды.

Без рубрики