Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы футзалдан турнирге дайындалуда


2024 жылғы 18-19 мамыр аралығында ҚР Студенттік спорт лигасы аясында Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ спорт кешенінде футзалдан аймақтық іріктеу турнирі өтеді.

Оған төрт команда қатысады: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

Іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша үздік екі команда 2024 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өтетін турнирдің финалдық бөлігіне шығады. Жеңіс үшін еліміздің ең мықты 16 командасы күресетін болады.

Балаларға сәттілік тілейміз!

Без рубрики