Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ делегациясы автобустар мен арнайы техника шығаратын «QazTehna» ЖШС зауытына барды


Бүгін, 17 мамырда ЖОО ректоры Сауле Сагинтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы Саран қаласындағы индустриялық аймақ аумағында орналасқан автобустар мен арнайы техника шығаратын «QazTehna» ЖШС зауытына барды.

Кездесу барысында «QazTehna» ЖШС зауытының өкілдері, оның ішінде Корпоративтік университет басшысы Айдос Айтбаев пен персоналмен жұмыс басқармасының бастығы Алибек Рахимжанов кәсіпорын цехтары бойынша экскурсия жүргізді.

Екі тарап білім беру және ғылыми қызмет саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Без рубрики