БЖТ кафедрасының аға оқытушысы Сакенова Самал Жанатқызы жас ғалымдарға арналған конкурстың жеңімпазы атанды


2024 жылғы 29 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі Проректорының у.м.а. А.К. Ракишевтің төрағалық етуімен, төрағаның орынбасары т.ғ.д., профессор А.З. Исагулов және конкурстық комиссия мүшелері О.М. Жаркевич, Б.Д. Сулеев, Р.Қ. Азилхановпен жас ғалымдарға арналған грантқа ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

Байқаудың мақсаты жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетін дамыту болды. Ұсынылған құжаттарды талдау және үміткерлерді тыңдау нәтижелері негізінде бағалау жүргізілді және нәтижелері анықталды.

Байқаудың жеңімпаздары қатарында БЖТ кафедрасының аға оқытушысы Сакенова Самал Жанатқызы бар.

Сакенова С.Ж. ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға грант ұтып алуымен құттықтаймыз!

 

Без рубрики