«Жасанды интеллект» технологиялары негізінде тілді кешенді оқыту жүйесін әзірлеу


2024 жылғы 29 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі Проректорының м.а. А.К. Ракишевтің төрағалық етуімен, төрағаның орынбасары т.ғ.д., профессор А.З. Исагулов және конкурстық комиссия мүшелері О.М. Жаркевич, Б.Д. Сулеев, Р.Қ. Азилхановпен жас ғалымдарға арналған грантқа ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.
Байқаудың мақсаты жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетін дамыту болды.

Конкурстық комиссия 12 жобаны тыңдады. Ұсынылған құжаттарды бағалау «Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантын» ғылыми жобалар конкурсын өткізу» туралы Ереженің 7.1. т. негізінде жүзеге асырылды. Ұсынылған құжаттарды талдау және үміткерлерді тыңдау нәтижелері негізінде бағалау жүргізілді және нәтижелері анықталды.

«Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған гранты» ғылыми жобалар конкурсында Жол-көлік факультетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м Жалдыбаева Айнур Жакыпбаевна грант ұтып алды.

Әріптесімізді грант ұтып алуымен құттықтаймыз!

Без рубрики