Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысты


Профессорлық-оқытушылар құрамының, студенттер мен қызметкерлердің күшімен ағаш отырғызу, көшелер мен аулалардың аумақтарын жинау, тарихи-мәдени ескерткіштерге жақын жерлерді ретке келтіру, су айдындарын тазарту бойынша іс-шаралар өткізілді.

Осы жұмыстың жалғасы ретінде, 2024 жылғы 10 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің аумағында «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының 70 жылдығына орай 300 ағаш отырғызылды. Олар «Asia FerroAlloys» ЖШС-не сыйға тартылды.

Бұл 2008 жылы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ базасында құрылған «Копоративтік университет» инновациялық білім беру консорциумының қызметі шеңберінде «Нанотехнология және металлургия» кафедрасы мен «Asia FerroAlloys» ЖШС арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде өндірістің жоғары өндірістік және технологиялық көрсеткіштеріне қол жеткізілді, бірлескен ғылыми жобалар орындалуда, түлектерді жұмысқа орналастырудың, оқу процесін өткізу сапасын арттырудың маңызды міндеттері шешілуде (өндірісте сабақтар, экскурсиялар, өндірістік және диплом алдындағы практикалар өткізу, зауыт базасында дипломдық жобаларды көшпелі қорғау, оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысу) және тағы басқалар басқа.

Соңғы бірнеше жылда «Asia FerroAlloys» ЖШС Қарағанды облысының Қарағанды қаласы аумағында индустриялық-инновациялық өнеркәсіптік объектілерді салу жобаларының бастамашысы және орындаушысы болып келеді. Бұл ретте кәсіпорын басшылығы әрдайым қоршаған ортаны қорғауға және Қарағанды қаласының сұлулығына ерекше көңіл бөлді.

Университетке сыйға тартылған 300 ағаш бұған қосымша дәлел болып табылады.

Ағаш отырғызу үшін жиналған оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің алдында сөз сөйлеген Басқарма төрағасы – Ректор С.С. Сагитнтаева «Asia FerroAlloys» ЖШС басшылығына осындай жомарт сыйы үшін алғысын білдіріп, барлық ағаштар тиісті күтіммен қамтамасыз етілетініне және олар ЖОО-ға іргелес аумақтың лайықты безендірмесіне айналатынына сендірді.

«Нанотехнология және металлургия» кафедрасының мерейтойына орайластырылған сыйлық үшін осы кафедраның меңгерушісі, философия докторы Д. Р. Аубакиров өз ризашылығын білдірді.

Ұжым жұмыла отырып, алдын ала дайындалған орындарға ағаш отырғызуға кірісті. Бір-екі сағат ішінде шағын тоғайлар пайда болды….

Без рубрики