Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Инновациялық технологиялар» факультетінде бекітілген ережелерге сәйкес жас мамандар мен PhD философия докторларының жұмысты өтеу міндеті туралы ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді


Шара мансаптық өсу орталығының бастамасымен ұйымдастырылды. Студенттер, магистранттар және докторанттар алдында сөз сөйлеген Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың атқарушы директоры Исагулов А.З «Білім туралы» ҚР Заңының 1-бабының 13-1 тармақшасы және ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 ж. № 489 бұйрығы негізінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын жас мамандардың бюджет қаражатын еңбекпен өтеу жөніндегі міндеттерімен таныстырды. «Қаржы орталығы» түлектер жұмысын қатаң бақылауға алып, өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда шығындарды өтеуді қамтамасыз ететінін баса айтты.

Осы орайда студенттерге зор мүмкіндік ұсынып отырған ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бөлім бастығының орынбасары Махаев Е.Г және департаменттің әкімшілік басшысы Саттыбаева М.Р-пен таныстырды. Олар биылғы университет түлектерінің еңбек жолын академияда жалғастыруға шақырды.

Мансаптық өсу орталығының басшысы Алина Г.Ж түлектерге жұмысты өтеу міндетімен қатар, түсіндірме жұмыстары бойынша қосымша ақпараттармен бөлісті. Олардың еңбегіне ақы төлеу ережелеріне тоқталып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.

Без рубрики