Әбілқас Сағынов атындағы ҚарМТУ студенті — Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері


2024 жылғы 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ-та 6B07101 – «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Олимпиадаға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының студенттері де қатысты: А. У. Жубанова (АиУ-21-3), Е. А. Марлан (ЭЭ-21-3), Нұрмағамбет Ә. Ж. (АиУ-21-3).

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студент Е. А. Марлан III орынды иеленді. Оған 50000 теңге сомасына ақшалай сертификат табыс етілді. Барлық басқа қатысушылар тиісті сертификаттарға ие болды.

Студенттерімізді және олардың жетекшілерін қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики