Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға қол жеткізді


29-30 сәуір аралығында Алматы қаласында «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» базасында «6В07203 – Металлургия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға еліміздің әр түрлі университеттерінен 6 командасынан 18 студент қатысты.

Оған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының студенттері Нартбай Е.Ж., Мұсабай А.Ү., Манаева Г.Ж. қатысты.

Олимпиада «Жалпы металлургия», «Металлургиялық процестер теориясы» және «Металлургиялық процестер технологиясы» пәндері бойынша өткізілді.

Студенттер аталған пәндер бойынша тапсырмаларды 3сағат ішінде орындаулары керек болатын. Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің студенттер үздік студенттің қатарына кіріп, Мұсабай Айбек жүлделі 2-орынға ие болды. Топ жетекшісі Айтбаев Н.Б және қатысушы студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

Студенттерімізді жоғары көрсеткіштерімен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики