Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері – халықаралық бейнепрезентациялар байқауының жеңімпаздары қатарында


В.И. Ленин атындағы Иваново Мемлекеттік энергетикалық университеті «Жаңа құндылықтар. Жаңа сын-қатерлер. Жаңа шешімдер» (New Values. New Challenges. New Solutions) атты Халықаралық бейнепрезентациялар конкурсын өткізді.

Оған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері де қатысты. Байқау шарттары бойынша қатысушылар қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша жобалық жұмыстарды ұсынуға тиіс болды. Сонымен қатар, байқауға қатысушылар орыс және шет тілдерінде академиялық ауызша қарым-қатынас жасау қабілеттерін жетілдіруге, болашақ мамандардың сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз деп танылды.

І орынды Бөдеева Ақгүлім (жетекшісі Иванова С.А.), Дәулетқалиқызы Үмгүлсім (жетекшісі Тимохина Т.В.), Каменова Назерке, Төлеутаева Айкенже (жетекшісі Тажибаева С.М.) иеленді;

II орын – Хамзе Нұрай (жетекшісі Докучаева Н. В.)

«Мен – кәсіпқоймын» номинациясы бойынша Абзалбек Боранбай (жетекшісі Азимбаева Ж.А.) дипломмен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын дайындаған оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Без рубрики