Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Басқарма төрағасы – Ректор Сагинтаева Сауле Саветовна «Жол-көлік» факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.
Кіріспе сөзінде Сауле Саветовна өзін таныстырып, кездесуді диалог түрінде өткізуді ұсынып, жиынға қатысушылар қолдады.
Кездесу барысында «Жол-көлік» факультетінің деканы, РһD доктор Асқаров Б.Ш жиналғандарды факультеттің жетістіктерімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Факультетке жүктелген міндеттерді табысты шешуге жоғары білімді, қабілетті және ұйымшыл оқытушылар құрамы жұмыс істейтінін ерекше атап өтті.
Жиында сөз алған оқытушылар өзекті мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, дуальды оқытудың қазіргі жағдайына, кәсіпорындардың студенттерді оқытуға мүдделі еместігіне алаңдаушылық білдірді; дипломдық жобаларға уақыттың шектеулігі және т.б.
Сауле Саветовнаға ерекше құрмет көрсетуіміз керек. Ол көп сұрақтарды кейінге қалдырған жоқ. Және оларға нақты, дәлелді жауаптар берді. Мысалы, студенттерге дипломдық жобаларды орындауға бөлінген аз уақыт туралы айтатын болсақ, студенттер дипломдық жобаларды бір ай ғана емес, жыл бойы орындаудың дұрыстығын айтты. Ешкім оларды белгілі бір мерзіммен шектемейтін болады. Тағы бір жайт, студенттеріміз тұтынушылық позицияны ұстанып, өз жұмыстары кейінгі шегеріліп қалып жатады.
Студенттерге қойылатын талапты көтеріп, соған сай тәрбиелеу керек. Гуманитарлық білімге келетін болсақ, мұғалімдердің өздері оқу бағдарламаларын реттеп, арнайы кафедралардың көмегіне жүгіне алады.
Жиынды қорытындылаған Сауле Саветовна : «Біз бір ұжымбыз және біздің бағытымыз бір», Республикамыздағы жетекші техникалық университет статусын сақтай отырып, техникалық дамудың драйверлері болуы керек екенін баса айтты.
Кездесуден кейін Сагинтаева С.С факультет бойынша экскурсия жасады.