Бүгін, 2024 жылғы 30 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне жетекші шетелдік ғалымдарды тарту аясында «Құрылыс материалдары мен технологиялары» кафедрасы магистранттар мен докторанттарға ғылыми семинарлар мен консультациялар өткізу үшін Эскишехир Османгазы университетінің (Түркия) «Азаматтық құрылыс» кафедрасының PhD докторы, профессоры Мурат Каракасу шақырылды.
Эскишехир Османгазы университеті — Түркияның Эскишехир қаласында орналасқан мемлекеттік коммерциялық емес оқу орны. ЖОО салыстырмалы түрде жақында, 1993 жылы ашылды, бұл елдегі ең жаңа ЖОО бірі болып табылады және European University Association (EUA) (EUA) кіреді.
Профессор М. Каракасу ҚМжТ кафедрасының магистранттарымен, докторанттарымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен өзекті ғылыми семинарлар мен консультациялар топтамасын өткізеді.
Сапар аясында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма Төрағасы — Ректоры, э.ғ.д., профессор С.С. Сагинтаеваның профессор М. Каракасумен кездесуі болды.
Кездесуде профессор М. Каракасу университет басшылығына кездесуге шақырғаны және ұйымдастырғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Басқарма төрағасы — Ректор С.С. Сагинтаева инженерлік-техникалық бағыттағы мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін біздің ЖОО-ға шетелдік профессорларды тарту Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сауле Саветовна сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың жылына 4 рет шығарылатын «Труды университета» атты жеке ғылыми журналы бар екенін атап өтіп, профессор М.Каракасуды біздің ғылыми жарияланымдарымызға белсенді қатысуға, Эскишехир Османгазы университетімен бірлескен жұмыстарды индекстелетін журналдарда жариялауда докторанттар мен ПОҚ белсенділігін арттыруға шақырды.
Өз тарапынан профессор Мурат Каракасу Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма төрағасы — Ректор, э.ғ.д., профессор С.С. Сагинтаеваны құрметті қонақ ретінде Эскишехир Османгазы университетіне шақырды.