Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ спортшылары «Шуақты көктем» жеңілатлетикалық кросында жүлделі орынға ие болды


Көктем – көптеген спорттық жарыстар басталатын уақыт. Әрине, олар спорт ханшайымы – жеңіл атлетикасыз өтпейді, оның танымалдығы жастардың да, қарт адамдардың да арасында артып келеді.

Әбілқас Сағынов атындағы жетекші техникалық университеттің студенттері де қалыс қалған жоқ. Жуықта олар облыстық дәстүрлі «Шуақты көктем» жеңілатлетикалық кросына қатысты. Біздің команданы Аденов Азамат, Мұстафин Мадьяр, Камбетов Мұхамедрахим, Кудуман Алдияр таныстырды..

Қатысушылардың көптігіне қарамастан, студенттер басқа спортшылар арасында сасқан жоқ. Сонымен қатар, университет командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.

Студенттерімізді осы жетістіктерімен құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер мен оқуда табыс тілейміз!

Без рубрики