Көктемгі кросс


2024 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ЖОО мен колледж студенттері, өндірістік ұжымдар мен ардагерлер арасында дәстүрлі “Солнечная весна” көктемгі жеңілатлетикалық кроссы өтті (40+).

Бұл кросстың мақсаты мен міндеттері салауатты өмір салтын насихаттау, Қарағанды қаласында және облыста жеңіл атлетиканы дамыту, халықты тұрақты жүгіру сабақтарына тарту болды.

Аталған іс-шараның басшылығы Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне және “Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясы”ҚБ-ға жүктелді.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің құрама командалары үшінші орынды (қола медальдар), әйелдер төртінші орынды иеленді. Жеңіл атлетикадан командалардың жаттықтырушысы ФВ кафедрасының оқытушысы В. А. Чжен (15 адамды қамту).

Uncategorized