Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында 2024 жылғы 17 сәуірде облыстық «Тілдарын» байқауы өтті. Байқауға өңірлерден, білім беру мекемелерінен және жоғары оқу орындарынан 15-30 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқауға келген қатысушылардың білімдерін бағалаған комиссия мүшелері байқауға қатысушы жастардың қазақ елінің ұлы тұлғалары, берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, еліміздің қасиетті, киелі жерлері туралы сұрақтарға үш тілде сауатты сөйлеу қабілеттерін бағалады.
Байқау жеңімпаздарын анықтау кезінде қазылар алқасы мынаны басшылыққа алды:
1) үш тілді — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі;
2) берілетін жауаптың мазмұндылығы мен дәйектілігі;
3) тіл мәдениетінің деңгейі.
Бұл байқауға Қарлығаш Мәуенқызының жетекшілігімен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 1 курс магистранты Курманов Токтар Серікұлы қатысып, қазылар алқасының шешімімен алғыс хатпен марапатталды.
Байқауға қатысқан жастарды жетістіктерімен құттықтай отырып, болашақта биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз.