Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысып, үздік 8 студенттің қатарына енді.


15-17 сәуір аралығында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында «6в062 – Телекоммуникация» мамандығына дайындық бағыты бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиада өткізілді. Оған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасының студенттері Айым Әшімова мен Эльдар Бакиров қатысқан еді.

Олимпиада «Электр байланысы теориясы», «Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлық техника», «Электр тізбектерінің теориясы» атты үш пән бойынша өткізілді». Студенттер үш сағат ішінде осы пәндер бойынша екі тапсырманы орындауы керек еді.

Олимпиадаға «Телекоммуникация» бағыты бойынша мамандар дайындау жүргізіп жатқан еліміздің әр түрлі университеттерінің 16 командасынан 38 студент қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студенттер үздік 8 студенттің қатарына кірді, ал РЭТ-21-1 тобының студенті Айым Әшімова жүлделі 2 орынға ие болды.

Студенттерімізді осындай жоғары көрсеткіштерімен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики