Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде білім беру және ғылым салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерінде әріптестік қатынастарды нығайту мақсатында Қазақстанға жоспарланған жұмыс сапары аясында Marcin Niemiec ЖОО-ның халықаралық сарапшысы және профессоры, сондай-ақ Краковтағы университеттің халықаралық бөлімінің басшысы Dominika Limanówka келді.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да олар біздің ЖОО басшылығымен — Басқарма мүшесінің — академиялық мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Г. Е. Самашовамен кездесті. Ол Басқарма төрағасы – Ректор С. С. Сагинтаеваның атынан Польшадан келген қонақтарға алғыс айтып, халықаралық ынтымақтастық білім беру сапасын арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті.
Бүгінгі таңда Краков ауылшаруашылық университетімен халықаралық ынтымақтастық 2023 жылдың желтоқсанында өзара келісім-шартпен бекітілген. Сондай-ақ, Польшадағы университетті үйлестіру кезінде «Agrarna AR» компаниясы 2024 жылы біздің университеттің жас ғалымдары мен студенттерінің тағылымдамаларын ұйымдастыру үшін үшжақты шарт жасасты. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының атынан А. Т. Такибаева өзара тиімді ынтымақтастық орнатты.
Ынтымақтастыққа қосымша биотехнология саласында кадрлар даярлау бағыты бойынша магистратураның (Double Degree) бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Келісімге сәйкес жұмыстық оқу жоспары әзірленді. Халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру үшін біздің университет Erasmus + жобаларына қатысады.