Орталық Азия Білім қауымдастығы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да мамандандырылған аккредиттеу өткізді


2024 жылғы 9-11 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне ЖОО-ның 24 білім беру бағдарламасына мамандандырылған аккредиттеу жүргізу үшін Орталық Азия Білім қауымдастығының сараптамалық тобы келді.

Үш күн бойы сараптамалық топ ЖОО-ның ішкі құжаттарына, оның қағидаларына, регламенттеріне, кестелеріне, академиялық күнтізбелеріне және басқа да ақпараттарға талдау жүргізді. Ол сонымен қатар білім беру бағдарламаларын әзірлеу механизмін, қашықтықтан оқыту жүйесін, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын зерттеді.

Сонымен қатар, сараптамалық топ білім беру бағдарламаларының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалауды және ПОҚ есептерін, академиялық мектептердің жұмыс жоспарларын, Академиялық комитеттің қызметіне (оқу жоспарлары, бағдарламалар), біліктілікті арттыру құжаттарына, ғылыми және тәрбие жұмысына, студенттер мен ПОҚ сауалнамаларына талдау жасады, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау мәселелеріне зерделеу жүргізді.

Сондай-ақ, сарапшылар университеттің материалдық-техникалық базасын зерделеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Бағалау қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің барлық білім беру бағдарламалары аккредиттеуге ұсынылды.

Без рубрики