ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА


«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» БББ

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеттің магистранттары Якуда Гүлжаһан, Ағысбай Ақылдас «Агробанк» фермерлер мектебіне барып, жемістерді кептіру үдерісімен танысты.

Фермерлер мектептері бес аймақта ұйымдастырылған: Ташкент аграрлық университетінде және оның Нукіс, Самарқанд және Термездегі филиалдарында, сондай-ақ Андижан ауыл шаруашылығы және Агротехнология институтының оқу ғимараттарында.

Фермерлер мектебін құрудың негізгі мақсаты-студенттерге ауыл шаруашылығы мен бизнес туралы жаңа білім беру, кәсіпкерлік дағдыларды жетілдіру және білікті жас фермерлерді дайындау.

Без рубрики